Illustration Қолы

1-ҚАДАМ: Мэрлердің уағдаластығы қолы

Күшті саяси бастамаға қатысу

Қолыңызды қойып тек жалпы мәлімдемемен шектелмейсіз: Жергілікті жұртшылық Уағдаластықтың елеулі қуат пен климат жөніндегі мақсаттарға жету ісіне атсалыса бастайды. Мэрлердің уағдаластығы арқылы қатысу деңгейін бір деңгейде ұстап, жергілікті органдар басын біріктіретін қозғалысқа қатысасыз. Аймағыңызда тәжірибеңізбен бөлісуге және басқа жергілікті мен аймақтық үлгілерді пайдаңызға асыруға болады. Бұл бет ортақ мақсатымыз жөніндегі ақпарат, ойлар және оған жету үшін нақты қадамдарды қамтамасыз етеді: 2020 жылға дейін КӨМІР ҚЫШҚЫЛЫ ШЫҒАРЫНДЫЛАРЫН 20 % дейін қысқартамыз... кем дегенде!

Сұрақтарыңыз бар ма?

  1. Кім қатыса алады?
  2. Неге қатысу керек?
  3. Қалай қатысуға болады?
  4. Қашан қатысу керек?

Елеулі міндеттеме

Уағдаластыққа қол қойған барлық тараптар көмір қышқылы шығарындыларын қысқарту ниетімен Уағдаластықтың жалпы мақсаттарын асыра орындау үшін ерікті және бір жақты міндеттемені мойнына алады.

Уағдаластыққа қол қойған тараптар 2020 жылға дейін көмір қышқылы шығарындыларын кем дегенде 20 % дейін қысқартуды көздейді. Олар бұл межені қуат тиімділігі мен қалпына келетін қуат жөніндегі іс-шараларды игеру үшін тиісті әкімшілік өкілеттіліктерді талап ететін тұрақты қуат жөніндегі жергілікті саясатты жасақтау арқылы көздейді. Бұл мақсатқа жету үшін жергілікті органдар мына іс-шараларды орындауға жауапты:

  • Ресми түрде Келісімге қол қойылғаннан кейін бір жыл ішінде Негізгі шығарындылар кадастрын (НШК) дайындау;
  • Ресми түрде Келісімге қол қойылғаннан кейін бір жыл ішінде Қалалық кеңес тарапынан бекітілген Тұрақты энергетикалық даму жөніндегі іс-шаралар жоспарын (ТЭДІЖ) тапсыру;
  • Тұрақты энергетикалық даму жөніндегі іс-шаралар жоспарын (ТЭДІЖ) тапсырғаннан кейін жүйелі түрде - 2 жыл сайын Жоспарды жүзеге асыру жөніндегі есептемені Іс-шаралар жоспарын енгізу кезеңі мен аралық нәтижелерді көрсетіп жариялау;
  • Тұрақты энергетикалық даму жөніндегі іс-шаралар жоспарын (ТЭДІЖ) жүзеге асыру тәртібін жұртшылық пен мүдделі тараптарға түсіндіріп, олардың іс-шараға қатысуын қамтамасыз ету, сонымен қатар жергілікті Қуат күндерін жүйелі түрде ұйымдастыру;
  • Мэрлердің уағдаластығы құндылықтарын жеткізу, әсіресе басқа жергілікті органдарды қатысуға шақыру және ірі ауқымды шаралар мен тақырыптық басқосуларға атсалысу арқылы.

Қосымша ақпарат: Шығыс серіктестігі мен Орта Азия қалаларында Тұрақты энергетикалық даму жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу жөніндегі нұсқау

Қол қойған тараптардың ресми саяси міндеттемесін нақты шаралар мен жобаларға айналдыру керек. Қол қойған тарап ретінде жергілікті орган SEAP жоспарын игеру жөнінде хабарлауға және қадағалануға келісімін береді. Ол әрі бұзушылық анықталған жағдайда жергілікті органның Уағдаластықта қатысуының тоқтатылуына келісімін береді.

SEAP жоспарын жасақтаған кезде Уағдаластыққа қол қойған барлық тараптардың есінде болуы қажет басты қағидалар мен қадамдарға көз жүгіртіңіз. Бұл қағидалар Уағдаластыққа қол қойып, жүктелген міндеттемелермен байланыстырылады және табыстың басты құрамдастарын құрайды.

Қосымша ақпарат алу үшін техникалық қолдау тобына хабарласыңыз.

Сұрақтарыңыз бар ма?

  1. Уағдаластыққа қол қойған тараптар қандай міндеттемелерді орындауы керек?
  2. Уағдаластыққа қол қойған тараптар орнына не алады?
Twitter
Ұялы телефон
арқылы алмасу
Facebook
Уағдаластық бетінің
жанкүйеріне айналу
Жаршы
Айлық
жаршыға жазылу
RSS арналары
Жаңалықтарды
нақты уақытта алу
Еуропа Комиссиясы – DG DEVCO   саяси қолдауымен Еуропа Комиссиясы – DG DEVCO саяси қолдауымен. Веб-торапты Мэрлердің уағдаластығы кеңселері үйлестіреді..
Жаңалықтар | Мәселелер | Торап картасы | RSS анықтамасы | Авторлары | Құқық