Illustration Жергілікті орган ретінде

Жергілікті органдар климат өзгерісі әсерлерін барынша азайтуда жетекші рөл ойнайды. Мэрлердің Уағдаластығына қатысу оларға Уағдаластықтың Аймақтық үйлестірушілерімен, Уағдаластық қолдаушыларымен, Мэрлердің Уағдаластығы кеңсесімен, ұйымдарымен және басқа қатысты тараптармен кеңейтілген қолдау және тамыр-таныс мүмкіндіктерін беріп, осы талабына қолдау көрсетеді. Қолдау болмаған жерде басқа елдердің үлгілері жергілікті органдарға үкіметтерін және серіктестерін Уағдаластыққа кіргізуге және әрекет еткізуге көмектеседі.

Кім қатыса алады?

Мэрлердің Уағдаластығы көлемі және қуат пен климат саясаттарын игеру кезеңі қандай болмасын, сайланған өкілдерден демократиялық жолмен құралған барлық жергілікті органдарға ашық.

Қалай қатысуға болады?

Жетіліп келе жатқан бастамаға қосылу үшін жергілікті органдар мына үдерісті қолға алуы қажет:

  • Мэрлердің Уағдаластығы бастамасын қалалық кеңеске ұсыну;
  • Ресми қаулы арқылы Уағдаластыққа қол қоюға ресми шешімнің кеңес қабылдағанына кепілдік беру
  • Әкімді немесе қалалық кеңестің тең өкілетті өкілін келісім үлгісіне қол қоюды міндеттеңіз;
  • Комиссияға бастамаға қосылу шешімі туралы хабарлау үшін Мэрлердің уағдаластығы кеңсесіне электрондық хабар жіберіңіз;
  • Қалалық кеңеске жіберілген құптау электрондық хабарында көрсетілген келесі қадамдарды жазып алыңыз.

Қашан қатысу керек?

Жергілікті органдар Мэрлердің уағдаластығына кез келген уақытта қол қоя алады, себебі мерзімі жоқ. Мэрлердің уағдаластығының салтанатты рәсімі жыл сайын өткізіледі және оған көп мәрлер қатысады, бұл оларға халықаралық сахнада көрініп қалу мүмкіндігін береді.

Неге қатысу керек?

Мэрлердің уағдаластығына қол қойған тараптар қозғалысқа қосылудың бірнеше себебін табады, соның ішінде:

  • Жергілікті тараптарға қоршаған ортаны қорғайтын, әлеуметтік және экономикалық тұрақты ортаны қамтамасыз ету ісінде көмек алу (қол жетімді қуат қызметтері, жұмыс орындарын құру, қоршаған ортаны қорғау, т.б.);
  • Халық пайдасына ірі экономикалық, қуат және климат мәселелерін шешу үшін қалалық басқарма ішінде жаңа саяси, әкімшілік және қаржылық мүмкіндіктер ашу;
  • Қоршаған ортаны қорғау арқылы экономикалық өрлеуге және аймағында өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған іс-шаралар жасау немесе қарқынын күшейту;
  • Басқа жол салушылардан шабыт және үлгі алу;
  • Жеке аймағында жинақтаған біліктілікті басқалармен бөлісу;
  • Аймағын жергілікті тұрақты қуат жетілдіру жолын салушы ретінде әйгілі ету;
  • Ұйымдық мақұлдау мен қолдау пайдасын алу (ЕО, әрі Шығыс Еуропа, Оңтүстік Кавказ және Орталық Азия ұйымдары);
  • Жаһандық көмір қышқылы шығарындыларын қысқартуға атсалысу
Twitter
Ұялы телефон
арқылы алмасу
Facebook
Уағдаластық бетінің
жанкүйеріне айналу
Жаршы
Айлық
жаршыға жазылу
RSS арналары
Жаңалықтарды
нақты уақытта алу
Еуропа Комиссиясы – DG DEVCO   саяси қолдауымен Еуропа Комиссиясы – DG DEVCO саяси қолдауымен. Веб-торапты Мэрлердің уағдаластығы кеңселері үйлестіреді..
Жаңалықтар | Мәселелер | Торап картасы | RSS анықтамасы | Авторлары | Құқық