Illustration Мэрлердің уағдаластығы

Мэрлердің уағдаластығы аймақтарында қуат тиімділігін арттыру және жаңартылатын қуат көздерін қолдану ісіне ерікті түрде араласатын жергілікті және аудандық органдардың қатысуымен Еуропа Одағы енгізген негізгі бастама болып табылады. Міндеттемесі арқылы Уағдаластыққа қол қойған тараптар 2020 жылға дейін көмір қышқылы шығарындыларын кем дегенде 20% дейін қысқартып, қоршаған ортаны қорғау арқылы экономикалық өрлеуге және өмір сүру сапасын жақсартуға атсалысады.

Мэрлердің уағдаластығын шолу

2008 жылы ЕО климат өзгерісі және қуат жөніндегі заңы қабылданғаннан кейін Еуропа Комиссиясы қоршаған ортаға залалсыз қуат саясаттарын жасақтау және жүзеге асыру мақсатында жергілікті органдардың іс-шараларын мақұлдау және қолдау үшін Мэрлердің уағдаластығын енгізді. Шынымен де, жергілікті билік органдары климат өзгерісінің әсерлерін барынша азайтуда маңызды рөл атқарады, әсіресе, қуат тұтынудың және көмір қышқылы шығарындыларының 80% қала тіршілігімен байланысты болғанын ескерсек.

Мэрлердің уағдаластығы арқылы ЕО ұйымдары қуат және климат жөніндегі мақсаттарға жетудегі жергілікті және аймақтық органдардың маңызды рөлін ескеріп, оларды тікелей тарту арқылы бұрын-сонды болмаған қадамға қол жеткізді.

Іс-шаралардың айғақ нәтижелері

Саяси міндеттемелерді нақты шаралар мен жобаларға айналдыру мақсатында Келісімге қол қоюшы тараптар Негізгі шығарындылар кадастрын (НШК) дайындау, қуатты басқару әлеуетін құру, сонымен қатар Келісімге қол қойылғаннан кейін бір жыл ішінде нақты іс-шаралар белгіленген Тұрақты энергетикалық даму жөніндегі іс-шаралар жоспарын тапсыру міндетін жүзеге асырады.

Қуатты үнемдеу саласындағы жетістіктерге қосымша қол қоюшы тараптар түрлі нәтижелі іс-шаралар атқарады: таза және қол жетімді қуат қызметтерін көрсету, тұрақты жұмыс орындарын құру және білікті мамандарды тарту; қаржылық және әлеуметтік тұрақтылықты нығайту, салауатты қоршаған орта құру, өмір сүру сапасын жақсарту; бизнес пен жаңашылдық салаларын дамыту арқылы экономикалық бәсекелестікті арттыру, сонымен қатар қоғамдық және инфрақұрылымдық қызметті жетілдіру.
Бұл іс-шаралар басқаларға үлгі болуы тиіс. Келісімге қол қоюшы тараптардың озық жетістіктері дерекқордың «Үздік тәжірибелер» тарауында сипатталады. Тұрақты энергетикалық даму жөніндегі іс-шаралар жоспарларының каталогы шабыттанудың бірегей көзі болып табылады және өзге қол қоюшы тараптардың биік мақсат қойғандығын айқындап, оны жүзеге асыру үшін қабылданған басты шараларды белгілейді.

Жан-жақты қолдау

Қол қойған тараптардың елдерінде

Уағдаластыққа қол қоюға саяси ерік танытып жатқан қалалардың саны артып жатқанымен, олардың қолында қажетті саяси мен әкімшілік өкілеттілігі, әрі міндеттемелерін орындауға қаржылық және техникалық құралдары үнемі бола бермейді. Осы себепке байланысты Уағдаластық ішіндегі ерекше статус қол қойған тараптарға елеулі мақсаттарына жетуге көмектесуге ынталы мемлекеттік әкімшіліктер мен желілерге берілген.

Уағдаластық қолдаушылары ретінде белгілі Жергілікті органдардың желілері немесе қауымдастықтары ынталандыру іс-шаралары, мүшелерімен және тәжірибе алмасу тұғырларымен әрекеттестік арқылы бастама әсерін барынша арттыруға мүдделі.

Мэрлердің уағдаластығы кеңселерінен

Мэрлер Келісімінің Брюссельдегі Кеңсесі, сонымен қатар оның Львов қаласындағы (Украина), Тбилиси қаласындағы (Грузия), Ереван қаласындағы (Армения), Алматы қаласындағы (Қазақстан) бөлімшелері (Мэрлер Келісімінің Шығыс Кеңселері) Келісімге қол қоюшы тараптарға, Келісім үйлестірушілеріне және Келісім қолдаушыларына күн сайын ақпараттық, техникалық, әкімшілік қолдау қызметін көрсетеді. Львов, Тбилиси, Ереван және Алматы қалаларындағы бөлімшелерді басқару рәсімі жергілікті және өңірлік билік органдарының, сонымен қатар жоғары ұлттық органдардың қатысуымен жүзеге асырылады.
Мэрлер Келісімінің Брюссельдегі Кеңсесі бастаманы жалпы үйлестіру қызметіне жауапты болып табылады.

Біріккен зерттеу орталығы тарапынан

Еуропа Комиссиясының Біріккен зерттеу орталығы Мэрлер Келісімінің Кеңселерімен ынтымақтасып, қол қоюшы тараптарға әсіресе, Негізгі шығарындылар кадастры мен Тұрақты энергетикалық даму жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу кезінде техникалық және ғылыми тұрғыдан қолдау көрсетеді.

Жобаға қатысу барысында қол қоюшыларға Мэрлер Келісімінің Кеңселері және Біріккен зерттеу орталығы тарапынан әзірленген түрлі құралдар мен әдіснамалар ұсынылып, кеңес беріледі.

ЕО ұйымдарынан

Еуропа Одағымен бірге Уағдаластық бастамасы толық институттық қолдау пайдасын көруде, соның ішінде қабылданғаннан бері бастамаға қолдау көрсетіп келген Аймақтар комитеті, Жылдық қол қою салтанаты өтетін Еуропа Парламенті және жергілікті органдарға инвестиция мүмкіндіктерін ашуға көмектесетін Еуропаның Инвестиция Банкі.

Twitter
Ұялы телефон
арқылы алмасу
Facebook
Уағдаластық бетінің
жанкүйеріне айналу
Жаршы
Айлық
жаршыға жазылу
RSS арналары
Жаңалықтарды
нақты уақытта алу
Еуропа Комиссиясы – DG DEVCO   саяси қолдауымен Еуропа Комиссиясы – DG DEVCO саяси қолдауымен. Веб-торапты Мэрлердің уағдаластығы кеңселері үйлестіреді..
Жаңалықтар | Мәселелер | Торап картасы | RSS анықтамасы | Авторлары | Құқық