Illustration Сөздік

Мэрлердің уағдаластығы сан алуан тараптарды, бірқатар қадамдар мен үдерістерді қамтитын әмбебап бастама болып табылады. Ағымдағы сөздік арқылы жаңадан танысушылар Уағдаластық туралы түпкілікті ауқымды ақпаратты ала алады!

Негізгі шығарындылар кадастры (НШК)


Негізгі шығарындылар кадастры негізгі жыл ішінде Уағдаластыққа қол қойған тараптың аймағында қуат тұтынуға байланысты бөлінген көмір қышқылы мөлшерін анықтайды. Ол көмір қышқылы шығарындыларының басты көздерін және тиісті қысқарту мүмкіндіктерін айқындауға мүмкіндік береді.

Үздік тәжірибелер


Үздік тәжірибелер - Келісім қатысушылары, Келісім үйлестірушілері және Келісім қолдаушылары тарапынан ерекше мақтан тұтылатын және басқа жергілікті әкімдіктердің, облыстардың, өңірлердің немесе түрлі бірлестіктердің назарына озық тәжірибе ретінде ұсынылатын жергілікті бастамалардың маңызды үлгілері.

Уағдаластық үйлестірушілері


Еуропа Комиссиясы «Уағдаластық қолдаушыларын» Мэрлердің уағдаластығына қол қоятын қалалық басқармаларға стратегиялық нұсқау, қаржылық және техникалық қолдау беретін, бірақ міндеттерін орындау үшін қажетті машықтары және/немесе ресурстары жоқ мемлекеттік әкімшіліктер ретінде белгілейді. Комиссия облыстарды, аудандарды және қалалық басқарма топтарын қоса ішкі мемлекеттік жергілікті органдар болып табылатын Аймақтық үйлестірушілерді және мемлекеттік қуат ұйымдары мен қуат министрліктерін қоса мемлекеттік орган болып табылатын Мемлекеттік үйлестірушілерді ажыратады.

Мэрлердің уағдаластығы Шығыс кеңсесі


Еуропа Комиссиясының Даму және Ынтымақтастық жөніндегі Бас Директораты тарапынан құрылған және қаржыландырылатын Мэрлер Келісімінің Шығыс Кеңсесі (МКК-Шығыс) Шығыс Еуропа, Оңтүстік Кавказ және Орта Азия өңірінде бастаманы үйлестіру және басқару қызметін атқарады. Ол қол қоюшы тараптарға әкімшілік және техникалық тұрғыдан қолдау көрсетеді, Келісім Серіктестері арасында байланыстар орнату рәсімін жеңілдетеді, олардың қызметі туралы ауқымды ақпарат береді. Львовта (Украина), Тбилисиде (Грузия), Ереванда (Армения) және Алматыда (Қазақстан) орналасқан МКК-Шығыс Мэрлер Келісімінің Брюссельдегі Кеңсесімен бірлесіп Армениядағы, Әзірбайжандағы, Беларусьтегі, Грузиядағы, Қазақстандағы, Қырғызстандағы, Молдовадағы, Тәжікстандағы, Түрікменстандағы, Украинадағы және Өзбекстандағы қол қоюшы тараптарға көмек көрсетеді.
Кеңсе Energy Cities Қауымдастығы жетекшілік ететін Консорциум тарапынан басқарылады, сонымен қатар құрамына Climate Alliance Қауымдастығы, «Украинаның тиімді қуат қалалары» Қауымдастығы және Орта Азияның аймақтық қоршаған ортаны қорғау орталығы кіреді.

Уағдаластық қолдаушылары


Еуропа Комиссиясы «Уағдаластық қолдаушыларын» Мэрлердің уағдаластығы бастамасын ілгерілету және оған қол қойған тараптар міндеттемелеріне қолдау көрсету үшін өздерінің ықпал ету, әрекеттестік іс-шараларын және тамыр-таныстығын барынша пайдаланатын Еуропа, мемлекеттік пен аймақтық желілер және жергілікті органдардың қауымдастықтары ретінде белгілейді.

Қуат ұйымдары


Жергілікті және аймақтық қуат ұйымдары тиісті қуатты басқару әдістерін енгізуге қолдау көрсетеді, тұрақтылық ұғымын қорғайды, ақпарат пен нұсқау береді және нақты жергілікті қуат қажеттіліктеріне қарай басқа жергілікті қызметтер түрлерін ұсынады. Қуат ұйымдарын мемлекеттік органдар қаржыландырады.

Техникалық қолдау тобы


Техникалық қолдау тобы жергілікті органдар мен Мэрлердің уағдаластығы кеңсесі арасындағы басты дәнекер болып табылады. Ол Қол қойған тараптарға жалпы және толық техникалық қолдау көрсетеді, әдістемелік жұмыс пен нәтижелерді қадағалауға атсалысады.

Іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру туралы есептеме


Іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру жөніндегі есептеме - Тұрақты энергетикалық даму жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлегеннен кейін Келісімге қол қоюшылар тарапынан әр екі жыл сайын міндетті түрде тапсырылатын және аралық жұмыс нәтижелерін айқындайтын құжат. Аталған есептеменің мақсаты алғашқы нәтижелердің белгіленген міндеттерге сәйкестігін бағалау болып табылады.

Біріккен зерттеу орталығы


Біріккен зерттеу орталығы (БЗО) - бұл бастама қатысушыларына ғылыми-техникалық тұрғыдан қолдау көрсететін Еуропа Комиссиясының ғылыми және техникалық құралы болып табылады. Аталған орталық қол қоюшыларды нақты техникалық нұсқаулармен және құжат үлгілерімен қамтамасыз ету мақсатында Мэрлер Келісімі Кеңселерімен тығыз байланыста жұмыс атқарады. Сонымен қатар, орталық тарапынан міндеттемелердің орындалуын бақылау және жұмыс нәтижесін қадағалау қызметі жүзеге асырылады. БЗО веб-сайты: http://ec.europa.eu/dgs/jrc/

Жергілікті қуат күні


Жергілікті қуат күндері осы ресурсты дұрыс қолдану нәтижесінде пайда болатын мүмкіндіктер туралы азаматтардың хабардарлығын арттыру мақсатында Келісімге қол қоюшылар тарапынан ұйымдастырылатын іс-шаралар болып табылады. Бұл шаралар жергілікті билік органдарына Тұрақты энергетикалық даму жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу және жүзеге асыру барысында жаңа серіктес тауып, азаматтарды ортақ диалогқа тартуға мүмкіндік береді. Әдетте Қуат күндері жылдың белгіленген бір мезгілінде ұйымдастырылып, түрлі іс-шаралардың өткізілуін көздейді. Атап айтқанда, семинарлар, көрмелер, экскурсиялар және Ашық есік күндері сияқты іс-шаралар кеңінен таралған.

Тұрақты энергетикалық даму жөніндегі іс-шаралар жоспары


Тұрақты энергетикалық даму жөніндегі іс-шаралар жоспары (ТЭДІЖ) Келісімге қол қоюшы тарапынан 2020 жылға дейін көмірқышқыл газы шығарындыларын қысқарту бойынша атқарылатын міндеттердің жалпы бағытын сипаттайтын басты құжат болып табылады. Аталған жоспар жүзеге асырылатын іс-шаралар бағытын, сонымен қатар уақыт шеңбері мен міндет атқару тәртібін анықтайды. Келісімге қол қоюшылар ТЭДІЖ пішімін дербес қабылдауға құқылы, алайда аталған құжат ТЭДІЖ әзірлеу жөніндегі нұсқауларда белгіленген қағидаттарға сәйкес келуі шарт.

ТЭДІЖ үлгісі


ТЭДІЖ үлгісі Келісімге қол қоюшылар тарапынан ағылшын немесе орыс тілінде толтырылатын, сондай-ақ бастамаға қатысатын елдің мемлекеттік тілінде әзірленген Тұрақты энергетикалық даму жөніндегі іс-шаралар жоспарын талап ететін электрондық құжат болып табылады. Іс-шараларды құрылымдау жөніндегі нұсқаулық ретінде қол қоюшылар үшін әзірденген бұл құжат келешекте бақылау және қадағалау рәсімін жеңілдетуі тиіс.

Вебинар


Вебинар қол қойған тараптар, Уағдаластық қолдаушысы мен үйлестірушілерін қоса Уағдаластықтың мүдделі тараптары үшін Уағдаластыққа қатысты белгілі бір тақырып бойынша CoMO мүшелері немесе басқа сарапшылар өткізетін дәріске қатысу мүмкіндігін беретін вебтегі тікелей, интерактивті көрме болып табылады.

Twitter
Ұялы телефон
арқылы алмасу
Facebook
Уағдаластық бетінің
жанкүйеріне айналу
Жаршы
Айлық
жаршыға жазылу
RSS арналары
Жаңалықтарды
нақты уақытта алу
Еуропа Комиссиясы – DG DEVCO   саяси қолдауымен Еуропа Комиссиясы – DG DEVCO саяси қолдауымен. Веб-торапты Мэрлердің уағдаластығы кеңселері үйлестіреді..
Жаңалықтар | Мәселелер | Торап картасы | RSS анықтамасы | Авторлары | Құқық