Illustration ТЭДІЖ тапсыру

2-ҚАДАМ: Тұрақты энергетикалық даму жөніндегі іс-шаралар жоспарын тапсыру

Тәжірибе алмасу және жергілікті іс-шараларды ілгерілету

Мэрлердің Келісіміне ресми түрде қол қойған сәттен бастап Сізге бір жыл ішінде жүзеге асыру мақсаттары мен шаралары белгіленген Тұрақты энергетикалық даму жөніндегі іс-шаралар жоспарын тапсыру міндеті жүктеледі.

Сіздің ТЭДІЖ қалалық кеңес тарапынан бекітіліп, ағылшын және орыс тілдерінде қол жетімді онлайн жүйесі арқылы Менің Келісімім тарауында (құпия сөзбен қорғалған тарау) мемлекеттік тілде жүктелуі тиіс.
Сонымен қатар, ТЭДІЖ үлгісін ағылшын немесе орыс тілінде толтыру қажет.

Интернет-құрал болып табылатын бұл үлгіні Сіз өзіңіз толтыра аласыз. Сөйтіп, негізгі шығарындылар кадастры (НШК) нәтижелерімен бірге ТЭДІЖ басты көрсеткіштерін түйіндеу мүмкіндігіне ие боласыз.

Тапсырылған ТЭДІЖ Біріккен зерттеу орталығы (БЗО) тарапынан тексеріліп, енгізілген деректердің кешенділігі мен интегралдылығы анықталады. Тұрақты энергетикалық даму жөніндегі іс-шаралар жоспарыңыз бекітілгеннен кейін негізгі ақпарат Мэрлер Келісімінің веб-сайтындағы қол қоюшы айдарыңызда жарияланады. Нәтижесінде, Сіз жоспарланған іс-шаралардың жүзеге асырылу барысын басқа қол қоюшы тараптармен салыстыру мүмкіндігіне ие боласыз.

Сұрақтарыңыз бар ма?

  1. ТЭДІЖ қашан тапсырылуы тиіс?
  2. ТЭДІЖ қалай тапсырылуы тиіс?
Twitter
Ұялы телефон
арқылы алмасу
Facebook
Уағдаластық бетінің
жанкүйеріне айналу
Жаршы
Айлық
жаршыға жазылу
RSS арналары
Жаңалықтарды
нақты уақытта алу
Еуропа Комиссиясы – DG DEVCO   саяси қолдауымен Еуропа Комиссиясы – DG DEVCO саяси қолдауымен. Веб-торапты Мэрлердің уағдаластығы кеңселері үйлестіреді..
Жаңалықтар | Мәселелер | Торап картасы | RSS анықтамасы | Авторлары | Құқық