Illustration Жергілікті органдар қауымдастығы немесе желісі ретінде

Жергілікті органдардың желілері және қауымдастықтары Мэрлердің уағдаластығы өрлеуі мен ілгерілуінің басты жеделдеткіштері болып табылады. Олардың жергілікті және мемлекеттік жағдайдың білімі оларды Мэрлердің Уағдаластығы кеңсесі және қол қойған тараптар арасында таптырмайтын делдал етеді.

Кім қатыса алады?

Жергілікті және аймақтық органдардың желілері және қауымдастықтары Уағдаластық қолдаушылары ретінде қатысады. Сондықтан, олар әсіресе Мэрлердің уағдаластығын мүшелері арасында насихаттау міндетін алады, оларға Уағдаластық үдерісін түсіндіреді және тәжірибе алмасуға атсалысады.

Міндеттемелер қандай?

Уағдаластық қолдаушылары ретінде қатысатын жергілікті органдардың желілері және қауымдастықтары ресми түрде мынадай міндеттерді алады:

  • Мэрлердің уағдаластығын насихаттау және қол қойған мүшелеріне қолдау көрсету;
  • Мэрлердің уағдаластығын саясатының басты элементі ретінде ресми түрде тану;
  • Қол қойған тараптар және үміткер қалалар арасында тәжірибе алмасуға атсалысу;
  • Мүшелері, CoMO және мемлекеттік/аймақтық құралдар арасында бітістіруші рөлін ойнау;
  • Мемлекеттік немесе аймақтық деңгейлерде байланысты шаралар мен бастамалар арқылы іскерлесу мүмкіндіктерін айқындау;
  • Мүшелер Мэрлердің уағдаластығына келісімін бергеннен кейін олардың іс-шараларына, әрі Уағдаластық қолдаушысы ретінде көрсететін қызметтерге қатысты мерзімді түрде пікір беру.

Әрекетсіздік немесе орындамау жағдайында Еуропа Комиссиясы желінің Уағдаластық қолдаушысы ретінде қатысуын тоқтату құқығын сақтап қалады.

Өтінішті қалай тапсыруға болады?

Уағдаластық қолдаушысы статусын алу үшін жергілікті органдар желісі мына қадамдарды қолға алуы қажет:

  • Желілік қызығушылық таныту үлгісін толтырыңыз;
  • Жарамдылық расталғаннан кейін Еуропа Комиссиясы қол қоятын келісім үлгісін толтырыңыз;
  • Мэрлердің уағдаластығы кеңсесі жасағаннан кейін қол қойған тараптарға көрсетуге ниетті қызметтер туралы ауқымды ақпаратпен желілік профайлын жаңартыңыз.

Неге қатысу керек?

Уағдаластық қолдаушылары өздерінің Мэрлердің уағдаластығына қатысуынан көп пайда табады, соның ішінде мына мүмкіндіктер:

  • Мүшелердің озық әдістерін насихаттау;
  • Мүшелердің тұрақты қуат жөніндегі іс-шараларына тиісті түрде атсалысу;
  • Қызметтерін үлкендеу аудиторияға паш ету
  • Басқа желілермен тәжірибе алмасу және жаңа серіктестіктерге ену;
  • Еуропа Комиссиясының мақұлдауы мен тануынан пайда көру;
  • Уағдаластық шеңберінде ұйымдастырылатын ірі шараларда көбірек көзге түсу;
  • Мүшелігін күшейту немесе арттыру
  • Арнаулы жиындарға, басқосуларға және талқылау топтарына қатысу.
Twitter
Ұялы телефон
арқылы алмасу
Facebook
Уағдаластық бетінің
жанкүйеріне айналу
Жаршы
Айлық
жаршыға жазылу
RSS арналары
Жаңалықтарды
нақты уақытта алу
Еуропа Комиссиясы – DG DEVCO   саяси қолдауымен Еуропа Комиссиясы – DG DEVCO саяси қолдауымен. Веб-торапты Мэрлердің уағдаластығы кеңселері үйлестіреді..
Жаңалықтар | Мәселелер | Торап картасы | RSS анықтамасы | Авторлары | Құқық